{metadescription}
Хостелде тұншығып өлген Түркістан облысының алты азаматы бүгін жерленді
Хостелде тұншығып өлген Түркістан облысының алты азаматы бүгін жерленді

Хостелде тұншығып өлген Түркістан облысының алты азаматы бүгін жерленді

Алматыдағы хостелде көз жұмғандардың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Ыстан уланып мерт болғандардың ішінде Түркістан облысының алты тұрғыны бар. Марқұмдардың біреуі кәмелетке де толмаған 15 жастағы бозбала. Тағы біреуі студент, қалғаны жұмыс істеуге барғандар.

Бейбіт күнде бақилық болғандардың туыстары хостел қожайыны мен оларды қадағалауы тиіс жауаптылар жазадан жалтарып кете ме деп қорқады. Сондықтан осы оқиғадан сабақ алып, бір түнеп шығатын жатақтарды жаппай тексеруді талап етуде. Марқұмдардың жаназасына КТК тілшісі қатысып қайтты.

Қазығұрттың Сынтас ауылында бүгін азалы күн. Үш ай бұрын Алматыға жұмыс істеуге шыққан 20 жастағы Бейбарыс Әлдибек үйіне табытпен оралды. Үш ағасы үйленіп еншісін алып шыққан соң сөйлей алмайтын мүгедек әке-шешесін бағу үшін Бейбарыс Алматыдағы фаст-фут орталығында аспаз боп жұмыс істеген. Өзі үнемі ақша жіберіп тұратын жігіт ата-анасымен соңғы мәрте видеобайланыс арқылы сөйлескенде жалақысы кешіктіріліп жатқанын айтып ақша сұрапты.

Баян Садырбаева, марқұмның анасы:

Алдыңгүні видеобайланыспен сөйлестік дейді. «Қалайсың» деп сұрады дейді. «Мама, ақша беріңізші, 3 мың теңге» деген. Қашан ауылға келесің деген кезде 1-2 күнде келем деп айтты дейді. Тез қайт десем, 1-2 күнде келем деп айтты дейді. «Иә», дейді қайтатын еді сол кезде дейді, ақшасын бермегеннен кейін сол жақта қалды дейді. Айлығын күткен шығар. Маған үкіметтің 1 миллионы қажет емес, маған баламның өзі керек дейді. Неге соны қадағаламайды дейді, терезе немесе өрт дабылын неге қоймаған дейді.

Таңнан қара кешке дейін жұмыс істеген бала қуықтай ғана бөлмеде он адаммен бірге тұрыпты. Бейбарыспен бір жарым айдан бері хостел жағалап бірге жұмыс істеген досы өрт болардан үш сағат бұрын ғана айлығын алмастан ауылға қайтыпты. Жүзін көрсеткісі келмеген жолдасы өзін шығарып салған досының енді жоқ екеніне сене алмайды.

Марқұмның досы:

Бір бөлмеде 10 адамнан жататын едік, 4-5 адам төлеп қойған. Қалғаны күніге ауысып кететін. Біз тек ұйықтауға келетінбіз. Бізбен қатарлас болатын бәрі. 2003, 2002, 2001 жылғы болатын. Екі студент. Біреуі бізбен жұмысқа барып келетін. 16, 15, 13 деген бөлме болатын, екеуі түпкі жағында болған. Алдында көптеген матрас жататын. Сол матрас түтенген, соның иісіне тұншығып қалған, есіктен шыға алмаған.

Марқұмның жақындары 20 жастағы бала жертөледе тұрып келгенін айтпады дейді. Тірісінде тұйық болған ол, Алматыда тапқан табысына ескірген үйін жөндеп, соңынан үйленгісі келген екен. Бірақ жағдайы жасалмаған хостелде өлгенін білген соң, енді туыстары жертөледен қонақ үй жасағандар мен оларды қадағаламаған жауаптылар жазалансын деп талап етіп отыр.

Иса Нәлібаев, марқұмның ағасы:

Бәрі арзан жерге барады, сол арзанды істесе, ондай жағдай болмас еді, қанша, 13 адам бәрі жап-жас, не деген бәле бұл. Хостелдің қожайыны жауапқа тартылсын. Қадағалау керектер, ола рда тартылсын, олар да қарасын.

Кешелі бері «осында жүрміз» деген шенеуніктер енді ауылға төрт жыл бұрын келген газды осы ай ішінде кіргізіп береміз деп уәде етеді. Марқұмның 40 күндік асын да аудан әкімдігі өз мойнына алыпты. Қайғыдан қан жұтқандар есін жиған соң ,мүгедектер тұратын үйдің барлық мәселесін шешеміз дейді.

Серік Тұрсынқұлов, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары:

Газ қазір шаңырағына келіп тұр. Тек қосу ғана қалды. Бір екі апта көлемінде қосып береміз. Иә, қазандықтарын алып береміз. Газды қосып береміз. Жанұяға қандай жәрдем керек болады, соның бәрін мекеме тарапынан жәрдем береміз.

Жертөледегі хостелде улы түтінге тұншығып көз жұмған Түркістан облысының алты азаматы бүгін ақтық сапарға жөнелтілді. Арасында кәмелетке толмаған жасөспірім де бар. Келес ауданының 15 жастағы тұрғыны Алматыдағы колледждердің бірінде оқыған. Қалғаны жұмыс істеген екен. Енді олардың артында еңіреген екі жесір мен екі ұл жетім қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.