{metadescription}
Астанада бразилиялық Босса нова жанрындағы 20 туынды қазақша шырқалды
Астанада бразилиялық Босса нова жанрындағы 20 туынды қазақша шырқалды

Астанада бразилиялық Босса нова жанрындағы 20 туынды қазақша шырқалды

Елордада әлемге аты мәшһүр джаз туындысы қазақ тілінде шырқалды. Ал мұндай тәжірибені жүрексінбей орындаған Босса нова жанрында өнер көрсетіп жүрген танымал әнші Полина Ханым. Идеяны жүзеге асыруға Нұрсұлтан Назарбаев қоры мұрындық болып отыр. 

Өткен ғасырдың 60-шы жылдары талайдың жүрегінен орын тапқан сезімге толы бразилиялық әуендерді астаналық музыканттар бүгінде шебер орындауға машықтанған. Бас аяғы бұл кеште Босса нова жанрында 20 туынды орындалды. Олардың арасында ,әсіресе қазақ тілінде шырқалған үшеуінің шоқтығы биік.

Музыканттар бірауыздан қалың көпшілік жергілікті фольклор мен джаздың қосындысынан туған Босса новадан өзіне жақын әуен таба алады деп отыр. Әсіресе әрбір кеште асыға көретін бразилиялық сериалдардағы тәтті, таныс әуендер осы кеште шырқалды.

Полина Ханым, әнші:

Техникалық тұрғыдан алғанда бұл орындалуы қиын музыка. Бәлкім бұл туындыларлы орындауға бел шеше кіріспейтін бе едім. Идеямды жүзеге асыруға Нұрсұлтан Назарбаев қоры көмектесті. Арнайы грантты жеңіп алып арманым орындалды.

Дәстүрлі от болып лаулаған Бразилия музыкасының қазақ тілінде әдемі үндесіп кеткеніне авторлар таңданысын жасырмады. Мәтінді тәржімәлаған танымал ақын Нарқыз Марқаева.

Ақжол Исин, музыкант:

Босса Нова аясында жазылған бұл туынды өте құлаққа жағымды. Негізгі түпнұсқасы қазақ тілінде ме деп қаласыз. Қазақ тілінде жазылған музыка мен әндер өте көп қой. Бұл шығарма солардың ішіндегі шоқтығы биік боларына сенімімім мол.

«Ипанемадан келген қыз» деп аталатын басты шығармада жағажайға маңғаздана кетіп бара жатан бикеш туралы баяндалады. Жүрек тебірентер кешке Бразиялияның Қазақстандағы елшісі де қатысты.

Qazaq Bossa Nova макси-синглы барлық танымал музыкалық стримингтерге шықты. Теңдесі жоқ жоба Нұрсұлтан Назарбаев қорының демеуімен жүзеге асты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде