{metadescription}
«Көзі ілініп кеткен». Таразда автобус жол жиегіндегі көліктерді жапырып кетті
«Көзі ілініп кеткен». Таразда автобус жол жиегіндегі көліктерді жапырып кетті

«Көзі ілініп кеткен». Таразда автобус жол жиегіндегі көліктерді жапырып кетті

Таразда автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегіндегі көліктерді жапырып кетті. Жүргізушінің көзі ұйқыға ілініп кеткен екен.

Қоғамдық көліктің бейнекамерасына жазылған видеода жүргізушінің қарсы бетке шығып бара жатқан автобусты тоқтатуға еш әрекет жасамағаны байқалады. Жол апатынан автотұрақтағы 10 жеңіл көлікке зақым келді. Адам шығыны жоқ. Автобуста 10 жолаушы болған. Жарақат алған 56 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер бірнеше қабырғасы сынған жолаушының жағдайы орташа ауыр екенін айтады. 33 жастағы жүргізушіге қатысты тергеу басталды.

Құрмет Мәжікенов, Жамбыл облысы ПД бастығының бірінші орынбасары:

Автобус жүргізушісіне ҚР ҚК 345-бабымен қылмыстық іс қозғалып, Тараз қаласы басқармасында тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.