{metadescription}
Семейде өртенген сауда үйінен сау қалған тауарлар ұрланып жатыр
Семейде өртенген сауда үйінен сау қалған тауарлар ұрланып жатыр

Семейде өртенген сауда үйінен сау қалған тауарлар ұрланып жатыр

Семейде өрттен шығынға батқан саудагерлер енді сау қалған заттарының ұрланып жатқанын айтты. Олар сөреде тұрған алтындар қолды болған деп зар жылап отыр. Саудагерлердің айтуынша, қызыл жалыннан аман қалған алтындар тоналған. Зардап шеккендер енді құзырлы органдардан жоғалған құнды бұйымдарды тауып беруді талап етуде.

Отқа оранған сауда орталығының төңірегі толық қоршауда. Ал оның ішіне кіруге ешкімге рұқсат жоқ. Қазір тілсіз жаудың нақты неден тұтанғанын сарапшылар анықтап жатыр.

Күлге айналған нысан күні-түні күзетілсе де, сауда орталығында қызыл жалыннан аман қалған алтындар ізім-қайым жоқ дейді. Жапа шеккен жұрттың өрт шарпымаған азын-аулақ бұйымдарын кімнің ұрлауға дәті барғанын да айта алмай отыр. Енді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқтан тоналған заттарды тауып беруді талып етуде.

Осында алтын әшекей сататындардың бірі – Ақмарал Жабағина. Оның айтуынша, қойма мен сөреде тұрған 410 млн теңгенің тауары жоғалған.

Ақмарал Жабағина:

Алтын салатын жәшіктердің ішінде бәрі күл болып кеткен. Ыстық күлді елеуішпен елеу мүмкін болмады. Сондықтан алтын сататындардың бәріне оны күрекпен салып, ішкі істер басқармасына қойып қойамыз деді.

Ал ірі сауда орталығының басшысы нысанның сақтандырылмағанын мойындап отыр. Оның үстіне, сауда орталығы кепілде тұр екен. «Өрт қауіпсіздігін алдыңғы қатарға қойдым» деген кәсіпкер сауда үйіне қасақана от қойылуы мүмікін дейді. Ал алтын ұрлығына қатысты басшылық еш нәрсені жарытып айтпады.

Марат Құрманбаев, «Ақшың» сауда үйінің басшысы:

Бізді қаншама күн ешкім жіберген жоқ. Мына жерде құқық қорғау органдары мен ТЖ рұқсат бермеді. Енді оның қалай болып жатқанын біз айта алмаймыз. Өзіміз де кіре алмай отырмыз.

Дегенмен қолды болды деген жұрттың алтынына қатысты облыстық полиция департаменті жұмған аузын ашпады. Оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық істің тергеліп жатқанын ғана жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде