{metadescription}
Қаршадай қыз құрбысына пышақ сілтеген
Қаршадай қыз құрбысына пышақ сілтеген

Қаршадай қыз құрбысына пышақ сілтеген

Таразда тоғызыншы сынып оқушысы өз сыныптасына пышақ сілтеген. Күдікті де, жәбірленуші де — қыздар. Қазір зардап шеккен оқушы емделіп жатыр. Ал пышақ сілтеген қыздың ақыл-есінде ауытқуы бар екен. Бір ай бұрын ғана суицид жасамаққа әрекеттенгені де енді анықталып отыр. Өйткені мектеп ұжымы бұл істі жылы жауып қойған. Сыныптасын өлтіре жаздаған ол бірден психологиялық аурулар клиникасына жатқызылған.

Қаршадай қыз сыныптасын өлтіруге бір апта дайындалған көрінеді. №35 мектептің оқушысы әуелі құрбысын саябаққа серуендеуге шақырған. Кездесу кезінде күтпеген жерден суық қару сілтеген. Тамағынан пышақ жарақатын алған оқушы жан сауғалап үйіне жетіпті. Қазір ол үйінде емделіп жатыр. Ал пышақ ұрған оқушы психдиспансерге жатқызылды.

Шолпан Жаркиева, сынып жетекшісі:

Өте салмақты, жақсы оқитын, тәртіпті оқушының бірі еді. Ешқандай жат қылығын көрмеген едім. Ол да, анау да шок жағдайда. Пышақтың ұшы кірген. Егер шамалы 1-2 милиметр болғанда жарақат ауыр болар еді. Күре тамыры кесіліп те кетуі мүмкін еді.

Оқиға 30 қаңтарда болған. Оқушы қыздың бұған дейін де мектепте өз қолын өзі кескені белгілі болды. Бірақ мұны мектеп әкімшілігі барынша жасыруға тырысыпты. Іс насырға шапқанға дейін жағдайды жасырған директор мен психолог жұмыстан кетті.

Раушан Қожамжарова, Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы:

Күдікті қыз бір емес, бірнеше рет осындай әрекетке барған екен. Оны мектеп әкімшілігі, әкімшіліктің басшысы, мектеп психологы жасырып келген. Бізге ешқандай ақпарат түскен жоқ. Алгоритим орындалған жоқ.

Оқушы қыздың анасы осы мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол жағдайды жасыруды мектеп әкімшілігінен өтінгенін айтады. Ал қызының бұзыла бастаған мінез-құлқын осыдан үш жыл бұрын байқаған.

Назгүл Дінбаева анасы:

Үнемі басын қабырғаға ұратын. Өйткені ішіндегі дауыстар маза бермейтін.Өкінеді, бірақ өзінің істемегін айтады. «Маған дауыс айтты, істе деп» дейді. Шок алған. Пышақты қалай алғанын да білмейді. Былай, бәрі кесілген. Өзінің қолын кесіп тастаған. Сөйтіп үйге қан-қан болып келді. Алдында өзіне ауды. Агрессияға кеткен. Өзін жаралау, өмірден түңіліп кетті, не үшін өмір сүріп жатырмын деп.

Қазір осы оқиға бойынша полиция іс қозғап тергеу жүргізіп жатыр.

Алмаз Саламатов, Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары

Аталған дерек бойынша полция қызметкерлерімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жәбірленуші тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін госпитализациясыз , үйіне жіберілді. Қалған мәлімет қылмыстық процесуалдық кодекс бойынша жариялауға жатпайды.

Қазір өңірде мектеп оқушысының оқыс әрекетінен кейін барлық мектепте тексеріс басталды. Мамандардың мәліметінше қазір бұзақылық бойынша полиция басқармасында 58 оқушы тіркеуде тұр. Ал 129 бала түрлі бұзақылығы үшін бақылауға алынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.