{metadescription}
Павлодарда құбыр жарылып, үйлер мен нысандар жылудан ажыратылды
Павлодарда құбыр жарылып, үйлер мен нысандар жылудан ажыратылды

Павлодарда құбыр жарылып, үйлер мен нысандар жылудан ажыратылды

Павлодарда жылу құбыры жарылып, тұтас көшені ыстық су мен бу басып, бірқатар көпқабатты үй мен әлеуметтік нысан жылудан ажыратылған.

Шаһардағы Торайғыров және Бектұров көшелеріндегі алты бірдей көпқабат үйдің тұрғындары бүрсең қағып отыр. Магистральді құбыр тесілген. Коммуналдық мекеме мамандары бұл ақау шыққан жылу желісі әбден тозған дейді. Шаһарда 800 шақырым жылу құбыры бар болса, оның 80 пайыздан астамы ескірген. Ал коммуналдық апат орын алған көшеде таңнан бері ақауды жою жұмыстары жүріп жатыр. Қала билігі бүгіннен қалмай тұрғындарға жылу беріледі деп сендірді.

Оразбек Саяхат, Павлодар әкімдігі баспасөз қызметінің маманы:

Тоқсан ішінде жылу желілерінде ақау анықталды. Оқиға орнына қала әкімдігі, тұрғын үй инспекциясының өкілдері барды. «Павлодар жылу желілері» ЖШС-нің бригадасы ақауды жөндеп жатыр. Алты тұрғын үй мен екі әлеуметтік нысан жылу желілерінен ажыратылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде