Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тасқыннан зардап шеккен әр отбасыға Үкімет үй салып береді
Су тасқынынан зардап шеккен әр отбасыға Үкімет құны 22 миллион, ал аумағы 80 шаршы метр үй салып береді. Құрылыс министрлігі бүгінде тілсіз жаудың кесірінен құлаған тұрғын үйлердің санып есептеуге кіріскен.
Автор: Айжан Шамшидин
02.04.2024
Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
— 22 млн теңге — бір үйдің бағасы. Осы үйдің 80 шаршы метрлі бір және екі пәтерлі үй болады. Сонымен бір шаршы метр 281 мың теңгені құрады.
Бір мезетте бар мүлкінен айырылған отбасыларға үй тұрғызуға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Жергілікті әкімдіктер де көмек қолын созудан қалыс қалмайды. Жауаптылар құрылыс бастамастан бұрын су басу қаупі мейлінше төмен аймақтарды зерттейміз деп отыр. Арнайы жұмыс тобы әр өңірдің осындай қауіпсіз жерін іздеп кетіпті.
Бауыржан Сыздықов, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:
— Біз әр апатты жағдайдан сабақ алуымыз керек. Үкімет деңгейінде арнайы жұмыс тобы құрылды. Үйлерді кез келген жерге сала салмаймыз. Қауіпсіз, су шайып кетпейтін жерге салдырамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram