{metadescription}
Елде — тасқын, ал оңтүстіктегі диқандарға су жетпей, шығынға батқалы отыр
Елде — тасқын, ал оңтүстіктегі диқандарға су жетпей, шығынға батқалы отыр

Елде — тасқын, ал оңтүстіктегі диқандарға су жетпей, шығынға батқалы отыр

Еліміздің басым бөлігінде тасқын жүріп жатқанда оңтүстіктегі диқандарға су жетпей жатыр. Наурызда жер жыртып көкөнісін еккен шаруалар енді су таппай қуарып отыр.

Нұрсейіт Рыспаев, диқан:

Суармағанның себебінен қырыққабат солады, шығынға батамыз. КМФ-тен, үкіметтен несие алып жатырмыз. Бізге су жеткізіп беру керек. Оны су мұрапқа айттық. Су мұрап жоғарыдан рұқсат берсе ғана ашамыз дейді. Біз қазір бір бестіктен ғана су қойып жатырмыз. Жауынға сеніп отырмыз, жауын жауса, егін көгереді.

Мәселен, екі апта бұрын егілген қырыққабатқа су жетпегеннен ауру түсіпті. Жер бетіне енді қылтиып шығып жатқан жапырақтары қазірден сарғайып жатыр. Негізінен тек егістікпен күн көретін Келес өңірінің диқандары қырыққабат пен қызылшаны дер кезінде суармаса, қып-қызыл шығынға батамыз деп алаңдаулы. Мұндағы 22 мың гектар суармалы жер Келес өзенінен суарылса, қалған шаруалар Өзбекстаннан келетін арнаға тәуелді екен. Қазір сол арыққа су келмей мыңдаған шаруа егінін сала алмай отыр.

Сүлеймен Жылқыбаев, Келес ауданы әкімінің орынбасары:

СТК каналы ауытқып, бұзылуына, ақау шығуына байланысты біз Бозсу ирригация басшылығын осында Қазақстанға шақыртып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 2-3 күн ішінде бітіреміз. Аудан тарапынан қажет құралдар мен барлық мүмкіндікті жаратып беріп жатырмыз. Құрылысшыларға. 2-3 күнде осы жұмысты бітіріп, суды толық береміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде