{metadescription}
0:000:00
USAID Қазақстанда ЛГБТ қозғалысын қолдауға қаржы бөлген көрінеді

USAID Қазақстанда ЛГБТ қозғалысын қолдауға қаржы бөлген көрінеді

Бұл не деген батпан құйрық? USAID экс-басшысының қалтасы үш жылда 23 миллион 300 мың долларға қампайған. Ал ақпарат құралдары жариялағандай, аталмыш ұйымда істеген уақытында алған айлығы 540 мың доллар шамасында екен. АҚШ бюджетін талан-таражға салды деп, бұған дейін президент Трамп та осы ұйымды айыптаған болатын.

USAID түрлі саладағы көмекті желеу етіп астыртын ойындарды қаржыландырғанын АҚШ-тың қазіргі билігі де ашық айтып жатыр. Қомақты қаржының бір бөлігі Қазақстанда ЛГБТ қозғалысын қолдауға бөлген көрінеді.

Бағила Балтабаева, қоғам белсендісі:

USAID басты бағдарламасы Қазақстан қоғамында біржынысты ұйымдарды гомосексуалистер мен трансвеститтерді, яғни ЛГБТ өкілдеріне толерантты көзқарас қалыптастыруына бірден-бір бағытталған жоба. Неше түрлі, Алматы қаласында, Астана қаласында үлкен-үлкен митинг өткізді. Сол митингтердің ішінде «долой патриархат», «даешь революцию» деген сөздер болды. «Ни государтсва» дейді, яғни, мемлекетті жойып тастау деген астар сөз бар.

Бағила Балтабаева былтыр ЛГБТ-ның өзіне де, жарнамасына да тыйым салуды талап етіп петиция жариялаған белсенді азаматтың бірі. Жалғыз бір жыныстылар ғана емес, USAID қолдаған басқа күмәнді бастамалар жетерлік. Оны Трамп әкімшілігінің жаңа мүшесі, әйгілі миллиардер Илон Маск ашық айтып, АҚШ президенті қолдап, агенттік өткен аптада ақыры жабылып тынған болатын.

Әлем елдеріне көмек деген желеумен жұмсалған ақшада есеп жоқ. АҚШ билігі агенттікті жемқорлық жайлаған деп айыптап, тіпті оның қызметіне дейін күмән келтіріп отыр.

Қазір USAID-тің әлем бойынша барлық кеңсе қызмкеткерін демалысқа жіберілген. Бұл ұйым Қазақстан аумағында да ұзақ уақыт жұмыс істеді. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливиттің дерегіне сүйенсек, Қазақстандағы жалған ақпаратпен күресуді желеу еткен жобаларға деп, тек былтырдың өзінде 4 жарым миллион доллар бөлініпті. Әлемдік сарапшылар да USAID "қой терісін жамылған" гуманитарлық ұйым деген пікірде.

Әділ Сейфуллин, саясаттанушы:

Барлық қазақстандық саясаттанушылардың айтқан ойын енді Илон Маск пен Трамп та растап отыр. Яғни USAID сүттен ақ, судан таза ұйым емес. Шындығында, ол белгілі бір идеологияны, конструктивті емес, деструктивті көзқарысты қолдаумен айналысты. Қазір соның зардабын көріп отыр. Бірнеше жыл бұрын «Сорос» қоры Қазақстан аумағынан кеткен болса, енді USAID үлкен қиындықтарға тап болды. Шындық ақыры жарып шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде