«Ғашығы өлтірген». Алматыда қоқыс өңдеу зауытынан әйелдің денесі табылды
Ер адам сүйіктісін өлтіріп, мәйітін бөлшектеп тастаған. Алматыда қоқыс өңдеу зауытынан 36 жастағы әйелдің денесі табылды. Оны сол жердің жұмысшылары тұрмыс қалдықтарын сұрыптау кезінде байқаған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
12.02.2025
Болжам бойынша, ер мен әйел өткен жексенбіде бірге алкогольдік ішімдік ішкен. Кейін масайған екеуінің арасында жанжал туады. Ашуға булыққан қаскөй келіншекті пышақтап, мәйітін бөлшектеп тастаған. Кейін жақын маңайдағы қоқыс контейнеріне тастай салыпты. Ал коммуналшылар мәйітті тұрмыс қалдықтармен қоса зауытқа алып келген. 42 жастағы күдікті мен марқұм жер үйдің бір бөлмесін жалдап тұрған. Қазір мұнда есік жабық. Көрші-қолаң мән-жайдан хабарсыз. Бір анығы, ер адам қамауға алынған.
Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:
— Түрксіб ауданы полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!