Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«16 пайыз ҚҚС». Құрылыс компанияларына салынатын салықтан баспана қымбаттайды
Отандық құрылыс компанияларына салынатын 16 пайыз қосымша құн салығы нарықта баспананың қымбаттауына әкеп соғады. Көңіл көншітпейтін болжамды Мәжіліс кулуарында ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің өзі айтып отыр.
Автор: Айжан Шамшидин
19.02.2025
Вице-министр көлеңкелі айналымның ең үлкен үлесі көтерме және бөлшек саудаға, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласына тиесілі деп отыр. Бұған дейін ірі құрылыс компаниялары 2008 жылдан бері қосымша құн салығынан босатылып келіпті. Сәйкесінше, алатын барлық құрылыс заттары да шетелден қосымша құн салығынсыз тасымалданған. Жаңа салық кодексінде бұл жеңілдікті алып тастау ұсынылуда. Сарапшылар да, жауапты ведомствоның өкілдері де тұрғын үй бағамының шамамен 8 пайызға артатынын жарыса айтуда. Ал қосымша құн салығының мөлшерлемесіне қатысты нақты тоқтамды үкімет мүшелері алдағы бір-екі күнде Парламентке ұсынады.
Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
— Қазір ірі құрылыс салушыларымыз құн салығын төлеушілерден емес. Олардың сатып алатын тауарлары санитарлық фаянс, плитка, линолеум сияқты материалдары салықсыз келеді. Яғни құрылыс нарығы көлеңкеде қалып отыр. Егер құрылыс салушы салық төлейтін болса, ол 16 пайызды құрайды. Сәйкесінше, ол барлық жеткізушілерін салық төлеуге міндеттейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram