{metadescription}
«Астана Опера» Италияны дүр сілкіндірді

«Астана Опера» Италияны дүр сілкіндірді

Танымал италиялық «Карло Феличе» театрында «Астана Опера» театры әртістерінің «Париж құдай анасының соборы» балеті генуялықтардың қошеметіне бөленді.

Гастрольдер «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Әлемде қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет» жобасын жүзеге асыру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізілуде.

 «Астана Опера» театрының спектакльдері және әртістердің жеке орындаулары Генуяда кең танымал. Ұжым тек Еуропада ғана емес, сонымен бірге Америка мен Азияда да танымал. Көрермендерді қойылымның жаңа форматы және сценография мен костюмдерінің биік көркемдік деңгейі тамсандырды.

«Париж құдай анасының соборы» спектаклі атақты француз хореографы Ролан Петидің қойылымын қайта тудырғандай. Бұл бір жағынан ХХ ғасырдың классикасы десек, екіншіден - жаңашыл, таңдандырғыш, даулы және орындауы күрделі балет. Өнердегі үздік туынды үш кемеңгермен байланыста – композитор Морис Жарр, хореограф Ролан Пети және костюм шығарушы Ив Сен-Лоран.

Спектакль бірінші күні 2 мың көрермен жинады. Аншлаг! Балетсүйер қауым қойылымды шаттана қарсы алып, ду қол шапалақтап, мақтау-мадақтауын аямады. «Браво» деген қошамет бүкіл кеш бойы үзілген жоқ. «Карло Феличе» сахнасында Квазимодо партиясын халықаралық конкурстардың Гран-при иегері Бақтияр Адамжан, ал Эсмеральда партиясын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева, Фебті халықаралық конкурстардың лауреаты Олжас Тарланов, ал Клод Фроллоны - Арман Оразов орындады.

«Қазақстандық әртістердің өнері мінсіз болды, бұл - музыка мен бидің біте қайнасып бірігуі. Өте сұлу, ең бастысы, сирек балет, өйткені бұл әлемнің барлық театрларында қойылмайды. Талғампаз, экспрессивті және көрініске бай!» - деді шаттығын жасыра алмаған көрермен Аннанзиэта Сальви.

Сұқпатсыз бүкірдің партиясын Рүстем Сейітбеков, Эсмеральда сұлудың рөлін Мәдина Басбаева, Клод Фроллоны – Серік Нақыспеков орындады.

Фото: «Астана Опера» баспасөз қызметi

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде