{metadescription}
Иорданиялық еркек қазақстандық қыздарды Бразилияға есірткі тасымалдауға тартқан

Иорданиялық еркек қазақстандық қыздарды Бразилияға есірткі тасымалдауға тартқан

Тбилиси әуежайында Грузияның құқыққорғау органдары ҚР ІІМ Интерполдың ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша қазақстандықтарды халықаралық есірткі трафигіне тартқаны үшін іздеуде жүрген Иордания азаматын ұстады. 

Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев мәлімдеді. 
Айта кетсек, биыл 6 және 18 ақпанда Бразилияның Сан-Паулу әуежайында екі қазақстандық азамат ұсталған болатын. Олардан 2 келіден кокаин табылған. 
Осы факті бойынша тергеу жүргізгенде ҚР ІІМ Нашақорлықпен күрес департаменті 25 жастағы Қарағанды қаласының тұрғындарын құрықтады, ол алмаз тасымалдайсың деген сылтаумен екі қарағандылық әйелді жалдап, Бразилияға жіберген. Ол 6,8 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Екінші ұйымдастырушы - Иордания азаматы Амер Бассам Самер Саламех. Ол жақында Грузияда ұсталды. Сан-Паулу сотында қарағандылық әйелдердің біреуінің заңсыз есірткі контрабандасындағы кінәсіздігі дәлелденіп, ақталды. 
Жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Бразилиядағы екінші ұсталғанға қатысты сот шешіміне жақында шағым қаралады. Бразилия полициясы ҚР ІІМ-нің көмегімен ел аумағында халықаралық есірткі трафиктерінің  байланысын тексереді. ҚР ІІМ-і ҚР СІМ-мен бірлесіп, АҚШ-тың есірткіге қарсы күрес басқармасының қолдауымен трансұлттық қылмыстық есірткі тобын жойды.

Фото: STEVE PARSONS/PA WIRE

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде