{metadescription}
Қазақстандық студенттер Вашингтонның қақ ортасын шаттыққа бөледі

Қазақстандық студенттер Вашингтонның қақ ортасын шаттыққа бөледі

Америкалық университеттерде оқитын қазақстандық студенттер Вашингтонда флешмоб өткізді. 

Жарқын іс-шараларын еліміздің Тұңғыш Президент күніне және Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арнады. АҚШ-тағы қазақстандық студенттер қауымдастығы, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Вашингтондағы Қазақстан елшілігінің қатысуымен Америка астанасының орталық көшесіне шықты. 

Қазақтың ұлттық костюмін киіп, қолына Қазақстан рәмізін ұстаған студенттер өз Отанының әндері мен билерін орындады. Флеш-моб Қаражорға биімен аяқталды. Қазақстандық студенттердің флешмобы Ақ үй мен Капитолий арасында өткізілді. 

«Жағымды әсер молынан болды! Жергілікті тұрғындар үлкен қызығушылықпен бақылап, қай жерден екенімізді сұрады. Біз үлкен шаттықпен «Қазақстаннан!» деп жауап бердік», - Әмірхан Мұқашев, Джордж Мейсон университетінің студенті.

«Биыл Президентіміз «Рухани жаңғыру» жаңа бағдарламасын құруға бастама көтерді: қоғамдық сананы жаңғырту. Біз бәсекеге қабілетті болуымыз керек, бірнеше тіл білеміз, компьютерлік білім аламыз. Тәуелсіздік жылдарында «Болашақ» бағдарламасы құрылды. Білім - бұл болашақта табысқа жету факторы. Біздің еліміздің табысы жастарға жүктеледі», - Ермек Ернур, American University студенті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде