{metadescription}
Илья Ильин Токио Олимпиадасына қатыса алады

Илья Ильин Токио Олимпиадасына қатыса алады

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин жеті ай өткенен кейін жарысқа қайта оралады. Еске салайық, Ильин Халықаралық ауыр атлетика федерациясы шешімімен допинг дауына байланысты 2008 және 2012 жылғы Олимпиада алтындарынан айырылып, екі жылға спорттан шеттетілген еді. Шеттету 2016 жылдың 10 маусымында күшіне енген.  Сол себепті қазақстандық ауыр атлет жеті ай өткен соң жарыстарға қатыса алады. Айта кетейік, қазақстандық ауыр атлет әлемнің төрт дүркін чемпионы. Ол 2020 жылғы Токио Олимпиадасына Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсетуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде