{metadescription}
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тауып, сегізі зардап шекті

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тауып, сегізі зардап шекті

Алматы-Қапшағай тас жолында жан түршігерлік жол апаты орын алды.  Үш көліктің соқтығысуынан болған апат салдарынан бір адам қаза тауып, сегізі ауыруханаға жеткізілген.

Оқиға түнде болған. Апатқа Volkswagen Passat жүргізушісінің айтуынша Subaru көлігін тізгіндеген жүргізуші кінәлі. Ол үлкен жылдамдықпен келе жатып рульге ие бола алмай жол үстінде айналып кеткен. Алдымен Volkswagen Passat-ты соққан жапон көлігі қарсы бетке шығып кетіп Toyota Camry көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Апат салдарынан Subaru көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, Toyota Camry-де болған үш ересек және төрт бала зардап шекті. Олардың барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Ал Toyota Camry-дің жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған

Видео: TengrinewsTV

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде