{metadescription}
ВИДЕО: Ғалымжан Молданазардың КТК арнасында түсірген бейнебаяны жарық көрді

ВИДЕО: Ғалымжан Молданазардың КТК арнасында түсірген бейнебаяны жарық көрді

 Ғалымжан Молданазардың КТК арнасында түсірген бейнебаяны жарық көрді

Қазақстандық әнші, музыкант, «Moldanazar» тобының продюсері Ғалымжан Молданазардың КТК телеарнасының рейтингісі жоғары бағдарламаларының жүргізушілерінің қатысуымен түсірілген «Modern Толқын» атты бейнебаяны жарық көрді.

Синти-поп, инди-рок, фанк, электрондық музыка және поп жанрында өз елінде ғана емес, сонымен бірге шетел әншілерімен бірге ән жазып жүрген Ғалымжан Молданазар осыдан бір ай бұрын КТК арнасында бейнебаян түсірген болатын. Бейнеклип "Наша правда" бағдарламасының студиясында түсірілді.

 

«Бұл бейнебаян мен үшін жаңа дүние.  Жақын досым,  сценарий жазушы, режиссер Малик Зингер бұған дейін біраз бейнеклиптер түсірген.  Мен  «Modern Talking» дуэтін жақсы көргендіктен осы топқа арнап ән жаздым.  Томас Андерс пен Дитер Боленнің өнерін қайта жаңғыртқым келді.  Қазақша ән жазып, Маликке  ұсындым. «Modern Talking» дуэтінің  әніне ұқсас ән жазғым келді, бір жағынан әзіл болады» дедім. Малик  ілезде сценарий жазды. Бейнебаянда «Наша правда» бағдарламасында Томас, яғни мен, қонаққа шақырыламын. Шынымды айтсам, өзім қатты ұнататын батыстың бұрынғы аңыз әншілерінің бейнесін жиі қолданамын.  Аталмыш дуэттің образын «Modern Толқын»  деп ойлап таптым. Жәйден-жәй емес. «Modern» «қазіргі заманғы» деп аударсақ, қазірдің толқыны болсын деп шештім. Махаббатымды, құрметімді әзілмен, оқиғасымен бейнелегім келді», - дейді Ғалымжан.

Айта кетсек, «Modern Толқын» бейнебаянына «Наша правда» бағдарламасының жүргізушісі  Алексей Шахматов пен Жаңалықтар  жүргізушісі Светлана Булатова қатысты. Сөйтіп, танымал әнші жаңа бейнебаянда отандық рейтингісі жоғары бағдарламаның жүргізушілеріне деген құрметін білдіргісі келді.

Ғалымжан Молданазардың КТК арнасына берген сұқбатын ертең, яғни 9 желтоқсанда КТК сайтының блогынан оқуға болады.

   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде