{metadescription}
Ресейде адам өлтіріп, етін шошқаға жегізген Қазақстан азаматы сотталды

Ресейде адам өлтіріп, етін шошқаға жегізген Қазақстан азаматы сотталды

Фермерді өлтіріп, кейін оның етін шошқаға берген Қазақстан азаматы мен оның жақтасшысы 17 және 9 жылға бас бостандығынан айырылды.   

Бұл туралы РИА Новости  хабарлайды.

Ресейдегі Омбы облыстық соты Қазақстанның   40 жастағы азаматына және Омбы облысының Любинск ауданының 43 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Еркек 17 жылға қатаң тәртіп колониясында жазаға тартылды. Оның кәмелетке толмаған 3 баласы бар жақтасшысы жалпы режимдегі колонияда тоғыз жылға  отыратын болды.  

Омбы облысының Лубинск ауданында Боголюбовка ауылында тұратын жалғызбасты  57 жастағы фермердің  қаржы қаражаты барын білген соң, оның ақшасын ұрлауды көздеген. Әйел фермерді мас қылуды ұсынды.  2017 жылы 14 ақпанда түн жарымында фермерді арраққа тойдырған соң тұншықтырып өлтіріп, оның үйінен 200 мың рубль ұрлап кеткен.

Қылмысын жасыру үшін өлген адамның денесін  фермаға апарып, шошқаларға жем қылған.

Бірнеше күннен кейін жоғалып кеткен фермерге іздеу салып оның туысы полицияға хабарлайды.

  Күдіктілер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталды. Қылмысқа қатысы бары да анықталды.  «200 мың рубль емес, ұрлағанымыз ол сомадан азырақ», - деп олар жасаған қылмысын ішінара мойындады.  

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде