{metadescription}
Бес жыл бұрын малшыны пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

Бес жыл бұрын малшыны пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

Алматы облысында осыдан бес жыл бұрын адам өлтірген 28 жастағы  Қапшағай тұрғыны қамауға алынды ,  деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ол 2012 жылдың көктемінде Қаратал ауданында  Байсейітов ауылының маңында мал бағып жүрген жүрген 55 жастағы ер адамды өлтіріп кеткен.  Малшының жоғалғаны туралы ешкім арыз жазбағандықтан, бұл оқиға егжей-тегжейлі тексерілді. Ақырында күдікті болған жайтты мойындап, мәйіттің қай жерге жерленгенін айтып берді. Малшының мүрдесі  жерден қазып алынып, сараптама тағайындалды.

Күдікті  2016 жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылып, соттың үкімімен оған екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Қазір оған қатысты адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалып, тергелуде. Күдікті малшыны пышақтап өлтіргенін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде