{metadescription}
Қайрат Қожамжаров Бас прокурор болып тағайындалды

Қайрат Қожамжаров Бас прокурор болып тағайындалды

Нұрсұлтан Назарбаев Сенатта Бас прокурор лауазымына Қайрат Қожамжаровты тағайындау туралы ұсыныс жасады. 

Парламент Сенаты Бас прокурор лауазымына ұсынылған Қожамжаров Қайрат Пернешұлының кандидатурасын қолдады, - деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

Қайрат Қожамжаров Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарды. 2013 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, 2012 жылдың қаңтарында Ақмола облысының әкімі болды. 2008-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы болды.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.