Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Йеменде әуе соққысынан 39 адам мерт болды
Сауд Арабиясы басқаратын коалицияның Йемен астанасына жасаған әуе соққысынан 39 адам ажал құшты. Тағы 100-ге жуық адам жараланған. Соңғы мәліметтерге қарағанда соққы хуситтердің бақылауындағы әскери полицияның лагеріне түскен. Бұл жерде шамамен 180 тұтқын қамауда болған. Айта кетейік, Йеменде 2014 жылдан бері азамат соғысы жүріп жатыр. Хуситтер көтерілісшілері елдің халықаралық тұрғыдан мойындалған үкіметінің күштерімен соғысып жатыр. Коалиция хуситтерге қарсы әуе шабуылдарын 2015 жылы наурызда бастаған.
13:38 14.12.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!