{metadescription}
Жаңа жыл түні Петропавлда салмағы 4,5 келі ұл туды
Мереке күндері Солтүстік Қазақстан облыстық перинаталдық орталығында 27 бала дүниеге келді.
15:38 03.01.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Жанна Мәуітова 2018 жылы ең бірінші ұл бала дүниеге келгенін айтты.
«Жаңа жыл түнінде бес бала туды: үш ұл, екі қыз. Біріншісі - салмағы 4 кг 344 гр ұл. Ол - петропавлдық отбасының үшінші перзенті», - дейді Ж. Мәуітова.
Жаңажылдық мереке күндері өмірге келген 27 баланың екеуі мерзімінен бұрын туды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!