ФОТО: Алматыда стриптиз-клуб иесі жеңгетайлық үшін ұсталды
Ұйымдасқан қылмыспен күресу басқармасының қызметкерлері бірқатар жедел және арнайы шаралар жүргізу нәтижесінде жеңгетайлық жасаған күдіктіні қолға түсірді.
16:00 04.01.2018
Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.
«Қылмыс жолымен пайда табу мақсатты көздей отырып, алдын-ала келісіп, клубқа келушілерге жеңіл жүрісті қыздардың қызметтерін ақылы түрде ұсынып отырған клуб иесі мен әкімшілері күдікті ретінде жауапқа тартылып отыр. Бұның жоспары нақты бір қалыпқа қойылған, әр адамның атқаратын ролі бар. Мысалы, қызметші сымақ қыздарымен болатын түнді мекеменің тапқыр ұйымдастырушылары 300 долларға бағалайтын болған. Ал егерде клиент бір ерекше апартаментті қалайтын болса, онда оның бағасы айтарлықтай көбірек болады. Өткен түні күдіктілер әшкереленіп, құрықталды. Осы клубқа келгенде, жеңіл жүрісті қыздардың 22-сі «жұмыс орындарында» болды, оның 3-еуі – Ресей Федерациясының азаматшалары, 2-еуі –Өзбекстаннан келгендер», - деп мәлімдеді Алматы қ. ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күресу басқармасының бастығы полиция подполковнигі Берік Әбілбеков.
Күдіктілердің әрекеттері ҚР ҚК 309-бабының 2-бөлігі «Жеңгетайлық» бойынша бағаланып отыр. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!