Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Биыл Қазақстан мен Өзбекстан арасында бірнеше әуе рейсі ашылмақ
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері өз қалаларын жалғайтын бірнеше әуе рейсін ашуды көздеп отыр.
10:45 06.01.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
ҚР Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерін 2018 жылы қандай жаңалықтар күтіп тұрғанын айтып берді.
«Біз әуе географиясы уақыт өте келе кеңейер деген сенімдеміз. Нақтырақ айтқанда, әсіресе туристік бағытта өте табысты болар деген үмітпен Алматы - Бұхара, Алматы - Хиуа және Алматы-Самарқан рейстерін ашу көзделуде», - дейді Ерік Өтембаев.
Димломат өз сөзінде инфрақұрылымдық мүмкіндіктердің жолын ашу арқылы екі мемлекетке туристер көптеп ағылуы мүмкін екенін жеткізді.
«Қазіргі уақытта Шымкент пен Ташкент шаһарлары арасында тікелей автобус бағдары болуы үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз. 2018 жылы туристік мүмкіндіктер көптеп ашылар деген сенімдемін», - дейді Ерік Өтембаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram