{metadescription}
«Алтын глобус»: Үздік драмалық фильм анықталды

«Алтын глобус»: Үздік драмалық фильм анықталды

Мартин Макдонахтың  "Эббинг, Миссури шекарасындағы үш билборд" картинасын «Алтын глобус» 2017 жылдың үздік драмалық фильмі деп таныды.

Сыйлықтың негізгі санатына Мексика режиссері  Гильермо дель Тороның «Су формасы», Кристофер Ноланның «Дюнкерк», , Стивен Спилбергтің  «Құпия құжат» және Лука Гуаданьиноның

 «Мені өз есіміңмен ата» картиналары ұсынылды.

Британдық режиссер және сценарийшінің "Эббинг, Миссури шекарасындағы үш билборд" фильмінде Фрэнсис МакДормманның орындауындағы ана өз қызының өлімін ашу үшін полицимен бірлескен жанталас әрекеті баяндалады.

Аталмыш картина сондай-ақ үздік сценарий  (Мартин Макдонах), үзік әйел рөлі (Фрэнсис МакДорманд) және  екінші пландағы үздік еркек рөлі  (Сэм Роквелл) жүлдесіне ие болды.

Айта кетсек, «Алтын глобус-2017» марапатына мынадай картиналар ие болды:

Үздік актер - Гари Олдмен;

Үздік комедия/мюзикл"  - "Леди Бёрд";

Үздік комедиялық әйел рөлі - Сирша Ронан;

Үздік еркек рөлі — Джеймс Франко;

Гильермо дель Торо – Үздік режиссер;

"Үздік шетел фильмі"  - "На пределе".

Ал ресейлік режиссер Андрей Звягинцевтің  "Нелюбовь" картинасы жүлдесіз қалды.

Дереккөз: РИА Новости

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.