Тунистегі дзюдодан әлемдік жарысқа қатысатын спортшыларымыз анықталды
Биыл 19-21 қаңтар күндері Тунисте дзюдодан әлемдік Гран придің алғашқы кезеңі өтеді.
15:03 15.01.2018
Бұл туралы ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.
Әлемнің 48 елінен 407 дзюдошы қатысатын әлемдік додада Қазақстан ұлттық құрама сапынан 13 дзюдошы қатысады.
1. Жақсыбек Жеңісбек (60 кг)2. Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)
3. Ғұмар Қырғызбаев (66 кг)
4. Ерлан Серікжанов (66 кг)
5. Азамат Мұқанов (73 кг)
6. Жансай Смағұлов (73 кг)
7. Дидар Хамза (81 кг)
8. Қажымұқан Өтеулиев (81 кг)
9. Ислам Бозбаев (90 кг)
10. Дәулетхан Жақыпов (90 кг)
11. Жасұлан Мұхаметханов (-100 кг)
12. Виктор Демьяненко (-100 кг)
13. Санжар Жабборов (+100 кг)
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған балуанға 700 ұпай, екінші орынға ие болған балуанға 490 ұпай, ал үздік үшінші орын алған балуанға 350 ұпай үлестірілетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!