Ақтауда 2,1 млрд долларға Эко-қала салынады
Маңғыстау облысының әкімдігінде Ақтау Эко-қаласын салу және қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.
11:00 19.01.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Келісім Global Project Capital Ltd, AAG Corporate Services Ltd, China Road and Bridge Corporation (CRBC) Ltd компаниялары және Маңғыстау облысының әкімдігі арасында жасалды.
«Маңғыстау - еліміздің жетекші аймақтарының бірі екені баршамызға белгілі. Облыстың экономикалық дамуының басым бағыттары: көлік және логистика, құрылыс, туризм, агроөнеркәсіп кешені, сондай-ақ теңіз бағытының дамуында жетекші рөл атқаратын мұнай кен орындарының қызмет көрсету саласы. Өндірісті құру және іске қосу үшін барлық жағдай жасалған. Өңірде «Ақтау теңіз порты» АЭА жұмыс істейді. Индустриялдық аймақ құрылған. Облыс әкімдігі әлемнің түрлі елдерінің әлеуетті инвесторларымен белсенді түрде ынтымақтасуда», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары