{metadescription}
ВИДЕО: Автобус өртінен аман қалғандар Ақтөбеге жеткізілді

ВИДЕО: Автобус өртінен аман қалғандар Ақтөбеге жеткізілді

Автобус өрті кезінда аман қалған 5 адам облыс орталығына жеткізілді.

Олар облыстық жедел жəрдем ауруханасында ем қабылдайды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ақтөбедегі жол-көлік оқиғасы кезінде аман қалған адамдар санитарлық авиациямен ауруханаға жеткізілді. Оқиға кезінде 52 адам қаза болып, 5 адам аман қалды.

Олар: Ахрор Исаков, Мақсат Пернебеков, Исроилджаон Мирзахмедов, Нұржан Қырғызбаев, Барат Таңатаров. Ең үлкені 50 жаста. «Бізге 5 науқас жіберілді. Олар ем-дом қабылдап жатыр. Науқастардың жағдайы орташа. Газға уланып қалған, қатты қорыққан. Бəрі де сөйлейді, бірақ кездесуге болмайды. Дəрігерлер қарап жатыр, барлық дəрі-дəрмек бар. Күйіктері жеңіл»,- деді аурухананың бас дəрігері Рақымжан Арыстан.

Айта кетейік, қазір өрт кезінде аман қалған адамдарға Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы орталық психологтары жіберілді. Олар тілдесіп, адамдардың қорқынышын жеңуге көмектеседі.

Облыстық жедел жәрдем ауруханасына түскен науқастар арнайы күзетіліп жатыр. Бұған дейін Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Қалыбай ауылы маңында автобус өртеніп, 52 адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Өзбекстан ТЖМ марқұмдардың 52-сі өзбекстандық екенін растады.

 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.