{metadescription}
Мурат Гассиев:"Головкинге рақмет айтқым келеді"

Мурат Гассиев:"Головкинге рақмет айтқым келеді"

Ресейлік боксшы Дортикосқа қарсы өтетін кездесуде дайындығы туралы айтып берді.

Бірінші ауыр салмақтағы IBF тұжырымың чемпионы Мурат Гассиев WBA Regular белбеуінің иегері кубалық Юниер Дортикосқа қарсы кездесу алдында орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) ақыл-кеңестері көмектесіп жатқанын айтты. 

- Сіздің жаттығу жиындарыңызға орта салмақтағы WBC, IBF, IBO және WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің көмегі қандай болды?

- Гена қазір Альвареспен өткізген кездесуден кейін демалып жатыр. Бірақ оның ақыл-кеңестері менің жадымда. Сол үшін оған рақмет айтқым келеді, - дейді Гассиев. 

"Мен бұған дейін де Дортикосты мықты қарсылас деп айтқанмын. Ол әлі де жеңілмеген әлем чемпионы. Мұның өзі көп нәрсені меңзеп тұр. Оның соққысы ауыр. Қолдары ұзын. Тәжірибесі мол. Шаршы алаңда қандай екенін жекпе-жектен кейін айтайын", - дейді ресейлік боксшы. 

Еске салайық, Гассиев пен Дортикос арасындағы кездесу 3 ақпан күні Сочи қаласында өтеді. Бұл кездесудің жеңімпазды WBSS жобасының финалына шығады.

ДЕРЕККӨЗ: Vesti.kz

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде