Күллі әлем көз тіккен Қысқы Олимпиада ойындары шумен басталды
Пхенчхендағы Олимпиада саябағының жанында КХДР делегациясының келу барысында орын алды.
19:10 09.02.2018
Белсенділер Солтүстік Кореяның басшысы Кым Чен Ынның суретін және Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында ұстап шығуға тиіс болған КХДР туын өртеп жіберді.
Наразылық орнын тәртіп сақшылары қоршауға алған. Дегенмен кейбір белсенділер полицияға да қарсы шықты.
КХДР-ның құрамында 22 спортшы шығатынын айта кетейік.
Жақында Оңтүстік Кореяға КХДР-ның жоғарғы халық кеңесінің басшысы Ким Ен Нам келеді деп жоспарлануда. Ол Оңтүстік Корея басшысы Мун Чже Инмен тікелей кездеспекші.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!