Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ильин мен Чиншанло әлем чемпионатына дайындалуда
Қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло қараша айының соңы мен желтоқсаны айының басында өтетін әлем чемпионатына дайындалуда.
12:17 02.03.2018
Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясының кеңесшісі Алексей Ни мырза айта кетті.
”Мен оларды бала кезінен білемін. Олар ұлттық құрама ғана үздік спортшылар емес, әлемде де көшбасшы ауыр атлеттер.Қазіргі таңда олармен қарсыласа алатын спортшыларды байқап жүргенім жоқ. Оның үстіне олар қазір жарысқа қатысу үшін жігерленіп-ақ жүр. Олар мықтылықтарын дәлелдейтініне сенемін. Олар мен үшін Олимпиада чемпионы болып қала береді”.- деді өз кезегінде Алексей Ни.
Айта кетейік, ауыр атлетикадан Ашхабадтағы әлем чемпионаты 24 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді.
Илья Ильиннің халықаралық жарыстардан шеттетілу мерзімі 10 маусымда, Зульфия Чиншанлонікі 10 мамырда аяқталады.
Олар 19 қазан күні ұлттық құраманың жаза мерзімі аяқталғаннан кейін жарыстарға қатыса алады.
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram