Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ниязбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Қырғызстанның Бішкек қаласында еркін күрестен өтіп жатқан Азия чемпионатында сырбойылық Дəулет Ниязбеков «алтын» иеленді.
09:45 04.03.2018
Ақтық сында спортшымыз жапондық балуанды 11:0 есебімен ойсырай ұтты.
65 келі салмақта өнер көрсететін Дәулет барлығы 4 кездесу өткізіп, төртеуінде де қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді.
Жарыс барысында өткізген кездесулердің нəтижесі:
1. Солтүстік Корея - 7:4
2. Қырғызстан - 6:3
3. Өзбекстан - 10:0
4. Жапония (финал) - 11:0 Отандасымыз бұған дейін Дохада (2015 жыл) және Бангкокта (2016 жыл) Азия чемпионы атанған болатын. Жоғары спорт шеберлігі мектебінде тəлім алатын Дəулеттің бапкері ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Əбутəліп Аманов.
Айта кетейік, Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанға алғашқы медальды Жандос Ысмайылов (57 кг дейін) алып келді. Ол ирандық Надер Хаджаганисамакоушты 10:3 есебімен жеңіп, «қола» иеленді.
Кейін Мейіржан Әшіров (70 кг) моңғол Баямбдорж Батэрденнен айласын асырып, сондай-ақ қола медаль еншіледі. Ал 97 келі салмақ санатындағы Ибрагим Мәмедов үшінші орын үшін таласта оңтүстіккореялық Джоганг Кимге есе жіберіп қойды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram