Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Америкалық әйел 100 жылдық өсімдікке тұрмысқа шықты
Табиғатты қорғау үшін небір айла-әрекетке барасың.
15:16 27.03.2018
Америкалық әйел Кэрен Купер осындай айлаға баруға бел буды.
Жергілікті билік өкілдері 100-жылдық фикус өсімдігінің көзін құртпақшы болыпты. Бірақ Кэрен ағашты қимай, оған тұрмысқа шығуды жөн көрді.
Флоридада Карен Купер ағашты құтқаруға шешім қабылдап, оған "тұрмысқа" шықты.
Үлкен фикус Форт Майерс қаласындағы Snell Park-та бір ғасырдан астам уақыт бойы тұрды, бірақ содан кейін билік енді қажет емес деп шешкен екен.
Ағаштың тамыр жайғаны соншалық, бұл парк үшін ыңғайсыздық тудырған.
Сөйтіп үйлену рәсімі саябақта өткізілді. Тойға қалыңдықтың достары мен туыстары ғана келді. «Шаңырақ құрғандарға» неке сақинасын ит әкеп "ұсыныпты".
Биліктегілер Купердің "күйеуінің" қауіпсіздігін сақтауға уәде берді. Бірақ әзірге нақты жауап жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram