{metadescription}
Атақтылар бір алаңда доп тепті

Атақтылар бір алаңда доп тепті

Щвейцарияның Базель қаласында жыл сайынғы Baselworld 2018 зергерлік бұйымдар мен сағаттар көрмесінің аясында футболдан Hublot Match of Friendship турнирі өтті.

Футболдан Ресейде өтетін әлем чемпионатына 80 күн қалуына орай Hublot бренді тарихта тұңғыш рет өзінің спорттағы серіктестерінің басын қосып, футболдан достық кездесу ұйымдастырды.

Жасыл алаңда бір мезетте жеңіл атлетикадан әлем чемпионы және Hublot елшісі Усейн Болт және екі команданың жаттықтырушылары Жозе Моуринью мен Диего Марадона доп тепті.

Марадонаның командасында: Тино Асприлья, Роберто Карлос, Эрнан Креспо, Джанни Инфантино, Кристиан Карамбе, Марко Матерацци, Гаиска Мендьета, Анджело Перуцци және Давид Трезеге ойнады.

Моуриньюдың құрамасында: Болт, Витор Баия, Стефан Шапюиза, Марсель Десайи, Дэмьен Дафф, Робби Кин, Патрик Клюйверт, Ричард Орлинский және Алексей Смертин доп тепті.

Ал жұлдызды матчты УЕФА-ның танымал төрешісі – Никола Риццоли басқарды.

Дереккөз:«Егемен Қазақстан»
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде