{metadescription}
Шымкентте улы балмұздақ сатқандар 2 жылға сотталулары мүмкін

Шымкентте улы балмұздақ сатқандар 2 жылға сотталулары мүмкін

Шымкентте «улы» балмұздақ сатушылардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі аталған іске байланысты тексеру жұмыстарын бастап кетті.

ІІД баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, уланғандардың саны 41-ге жеткен. 

Басым бөлігі балалалар. Сондай-ақ балмұздақ сатқан дүңгіршек жабылды. Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше, улы балмұздақ сатқандардың әрекеті дәлелденсе, заңды түрде шара көріледі.

Нақтырақ айтқанда, екі жыл бас бостандығынан айыру немесе 2 000 АЕК негізінде айыппұл төлейтін болады.

«Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не жұқпалы аурулар ауруханасынан 41 адам балмұздақтан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Аталған жайт Әл-Фараби ПБ-нің СДТБТ-не «Санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бөлігі бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Полицейлермен оқиғаның мән-жайы анықталуда», - дейді Әл-Фараби ПБ аға тергеушісі Ғалым Нұрпейісов.

Дереккөз: Оtyrar.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.