{metadescription}
Мас күйде көлік жүргізген тұрғын туған інісі мен келінін мерт қылды

Мас күйде көлік жүргізген тұрғын туған інісі мен келінін мерт қылды

Шымкентте мас күйінде көлік жүргізген тұрғын туған інісі мен келінін мерт қылды.

Қайғылы оқиға 26 наурызы күні Алматы -Ташкент -Термез тасжолының Шымкент қаласына қарасты аумағында болған.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, мас күйде көлік басқарған 58 жастағы жүргізуші ВАЗ-21074 автокөлігімен екі бірдей туысын қағып кеткен.

Соның салдарынан 56 жастағы інісі мен 55 жастағы келіні оқиға орнында қаза тапты.

Қазір өңірдің ішкі істер департаментіне қарасты жедел-тергеу тобы жол-көлік оқиғасына қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Бірнеше сараптамалар тағайындалған.

Күдікті қамауға алынып, оған қатысты Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен іс қозғалды. Тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде.

Дереккөз:ҚазАқпарат


 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.