Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
WBC президенті: Головкин-Альварес реваншы болмайды
Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтуі тиіс реванш 5 мамырда өтпейтін болды.
16:18 02.04.2018
Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман айтты
Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтуі тиіс реванш 5 мамырда өтпейтін болды.
«Менің пікірімше, жекпе-жек (Головкин-Канело- авт) болмайды. Альварес ісі бойынша Невададағы тыңдалым 18 сәуірге көшірілді. Сондықтан жекпе-жектің 5 мамырда өтетінін көз алдыма келтіре алмаймын», - дейді Сулейман ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен уақытша спорттан шеттетілген еді.
Наурыз айының басында Сауль Альварестен алынған допинг-сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды.
Оның мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшының қан құрамынан тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растады.
Дереккөз:sport.inform.kz
ФОТО: vringe.com
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram