{metadescription}
ПИК-те қарызы барларға банк несие бермейді

ПИК-те қарызы барларға банк несие бермейді

Алматы әкімдігі пәтер иелері кооперативі (ПИК) алдында қарызын өтемей жүрген тұрғындарға шара қолданбақ.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингі барысында қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басшысы Әнуар Өскенбаев айтты.

Оның сөзінше, жақында Тұрғын үй инспекциясы басқармасы мен Бірінші несие бюросының арасында меморандум шарты жасалды.

«Аталған келісімшарт бойынша ПИК борышкерлері туралы мәлімет несие базасында сақталатын болды. Болашақта қарызын өтемегендер ешбір банктен несие ала алмайды. Бүгінде басқарма сайтында 100 борышкер туралы ақпарат орналастырылған. Тұрғын үй басқармасынан алынған ақпарат бойынша, борышкерлермен жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Ал борышкерлердің тізімі ай сайын жаңартылып отырады», - деді Әнуар Өскенбаев.

Сонымен қатар, 2017 жылы басқарма 264 ПИК жұмысын тексерген. Олардың 221-інің басшылары әкімшілік жауапқа тартылған.

«ПИК тарапынан болатын заңбұзушылықтарға келсек, олар бірнеше үйге ортақ шот ашады. Адамдар тарапынан арыз көп, ақша төлеп жатырмын, неге біздің үй жөнделмейді деген. Оның барлығы осы ортақ шот кесірінен. ПИК-тер банктегі артық комиссияның кесірінен 10 үйге 10 шот ашудан бас тартып отыр», - деді ол.

Маманның айтуынша, болашақта басқарма екінші деңгейлі банк «Цесна банкі» арқылы ПИК-терге бірнеше шот ашу мүмкіндігін жасап бермек. «Енді әр үйде бөлек шот болады.

Сонымен қатар, әр тұрғын өзінің ақшасы қайда кетіп жатқанын бақылай алады.

Әрі бұл шоттағы қаржы 9 пайыздық өсіммен депозит түрінде сақталып, тұрғындар ақшасын сақтап қана қоймай, көбейте де алады», - деді Ә.Өскенбаев.  

Дереккөз:ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.