Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Сауль Альварес допингке қатысты ашық жауап бермек
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) тілшілерге арналған баспасөз жиынын өткізеді.
18:00 03.04.2018
Ақпан айында Альварестің қанынан спортшыларға тиым салынған кленбутерол дәрумені табылған еді.
Боксшының командасы бұл дәруменнің боксшының қанына бұзылған ет арқылы түскенін айтты.
Содан соң Альварес үш рет сынақтан өтіп, үшеуінде де оның қаны таза болды.
Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы "Канелоны" 18-сәуірге дейін жекпе-жектерден шеттетті.
Дәл сол күні оның ісіне қатысты сот отырысы өтеді.
"Golden Boy сейсенбі күні Альварестің қатысуымен баспасөз жиыны өтетінін хабарлады. Біз онда боламыз", - деп жазды Los Angeles басылымының тілшісі Лэнс Пагмайер парақшасында.
Дереккөз: Vesti.kz
ФОТО: HBO Boxing
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram