{metadescription}
ФОТО: Жұмыртқа пісіремін деп оңбай күйіп қалды

ФОТО: Жұмыртқа пісіремін деп оңбай күйіп қалды

Ұлыбританияның Манчестер қаласының тұрғыны Дайан Кобб интернеттен тауып алған әдіс бойынша қысқа толқынды пеште жұмыртқа пісірмек болған.

Алайда сәтсіз әдіс нәтижесінде 55 жастағы әйел ауруханадан бірақ шықты.

Интернет желісіндегі танымал аспаздың әдісін Дайан Кобб бірнеше рет іске асырып көрген. Бірақ қысқа толқынды пеште кезекті рет жұмыртқа пісіру процессі ол үшін мәңгі есінде қалатын болды. Стақан ішіндегі жұмыртқа жарылып 55 жастағы әйелдің беті мен төсін күйдіріп жіберген.

Денесі күйіп бара жатқандықтан ол бірден суық суға жууға жүгіреді. Сосын құрбысына хабарласып оны ауруханаға апаруын өтінген.

Дәрігерлер оның жарақаттарына амбулаториялық ем қауқарсыз деп, Дайанды күйік бөліміне жіберді.

Ауруханада төрт күн бойы жатып үйіне оралған әйел тағы да бір апта бетін жұртқа көрсетпеуге мәжбүр болды. Дайанның айтуынша, үйде қимылсыз отырған өте ауыр тиген.

Бүгінде әйелдің жағдайы анағұрлым жақсы. Алайда күйік жарақаттарынан толығымен айығу үшін екі жылдан астам уақыт керек.

Ол көпшілікті үнемі абай болып, қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде сақтануға шақырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.