{metadescription}
Бобыржан Момынов аргентиналық қарсыласын нокаутпен ұтты

Бобыржан Момынов аргентиналық қарсыласын нокаутпен ұтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов аргентиналық қарсыласы Хосе Игнасио Вальседоны нокаутқа түсірді.

Орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі — мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (49-1-2, 34 КО) спарринг қарсылас болған қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов кезекті жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді.

Отандасымыз 6 раундқа жоспарланған жекпе-жекте Хосе Игнасио Вальседоны 2 раундта сұлатып түсірді.

Аргентинада өткен бокс кешінде Бобыржан шаршы алаңдағы 6 жеңісіне қол жеткізді. 

Айта кетейік, Бобыржан Момынов кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін Карлос Андрес Чапарроға (7-21-1, 3КО) қарсы өткізіп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.

Дереккөз: Qsport.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.