Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Үйді ұрылардан қорғайтын жүйе пайда болды
Жапонияның Leopalace21 риэлторлық компаниясы үйді тонаушы ұрылардан қорғайтын Man on the Curtain деп аталатын ерекше жүйені әзірлеп шығарды.
17:31 07.04.2018
Онда пайдаланылатын шағын проектор терезеге тұтылған пердеде адам сұлбасын көрсетіп, бос тұрған пәтерде иесі жүрген секілді кейіп танытады.
Әдетте дабыл белгісі ұрылар үйге кіргеннен кейін іске қосылады, кейде тіпті құрылғыны тез арада сөндіріп тастауға да болады немесе ол мүлдем іске қосылмай қалатын кездер де жиі болып тұрады.
Бұл ретте үйге бөгде адамдар кіргеннен кейін іске қосылатын емес, мұндай жағдайдың алдын алуға арналған қолжетімді әдістер бүгінде жоқтың қасы.
Leopalace21 компаниясының қызметкерлері иесі дәл қазір үйде жүргендей етіп көрсететін жүйені таныстырды. Жүйенің құрылысы өте қарапайым: смартфонға қосылатын проектор ұзақтығы 30 минутқа жететін ақ-қара түсті видеоны үздіксіз қайта айналдырып көрсетеді.
Пайдаланушыға күнделікті қайталанатын көріністің бірнеше нұсқасы ұсынылады: үй жинау, спортпен шұғылдану немесе музыкаға әуестік.
Компания ұсынған промо-роликтен көшеден үйдегі адамның бейнесі анық көрінетінін байқауға болады. Екінші жағынан алып қарағанда, мұндай әдіс тым шынайы емес, себебі кешкі немесе түнгі мезгілде үйдің іші самаладай жарық болмайтындығын ескерсек, тұрғын үйлерде мұндай айқын жарықтандыру өте сирек қолданылады.
Leopalace21 жүйесі әлі сатылымға шыққан жоқ, әзірге компания оның тек бес прототипін тестілеуге ұсынып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram