Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ФОТО: Мысырлық жанкүйер Ресейге велосипедпен келмекші - ӘЧ-2018
Саяхатшы Ресей шекарасына мамыр айында жетеді.
13:18 09.04.2018
Мысырдың футболдан құрама командасы әлем чемпионатының ақтық додасына жете алмағанына 28 жыл болды.
Мысырлық жанкүйер бұл оның елі үшін тарихи оқиға екенін білгенде өз командасына қолдау көрсетуге бел буды.
Мұхаммед Нофаль Ресейге велосипедпен келеді. Ерекше саяхат оның жол-жөнекей көптеген адамдармен танысып жүздесетіне себебін тигізеді.
Саяхатшының есептеуінше, Каирдан Мәскеуге дейін шамамен 65 күн кетеді.
Қолында жолдағы елдерден заңды өтуге рұқсат беретін қажетті құжаттардың бәрі бар.
Сондай-ақ ол Әлем чемпионаты-2018 жанкүйерінің төлқұжатын да алып алған.
Мұхаммед Нофаль саяхат тегін болады деген үмітте. Футбол жанкүйері оны әр қалада құрметті қонақ деп қарсы алатынына сенімді.
Айта кетсек, Ресей мен Мысыр құрамасының топтық кезеңдегі матчы Санкт-Петерборда 19-шы маусымда өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram