Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: О дүниеге барып қайту мүмкіндігі туды
Қытайдағы қорымдардың бірінде VR технологиялары арқылы о дүниеге "барып қайту" мүмкіндігі туды.
08:34 11.04.2018
Технология адамдарға өмірдің қадірін түсініп, оған ой салуға итермелейді.
Мұндай мүмкіндікті қытайлықтар Пекиндегі Бабаошань зират кешенінде пайдалана алады.
VR технологиясы арқылы адамдар алдымен адамды жер қойнына тапсырар алдындағы рәсімдермен танысса, кейін, "о дүниеге" сапар шегеді екен.
Олар озық технологияның көмегімен адамдарды өзге өмірде не күтіп тұрғанын біледі. Мәселен, жан тапсырғаннан кейін, олардың алдына кішкене қызыл шоқтар пайда болса, кейін, қатты жарылыс болады. Содан кейін, адам бірден басқа әлемге кете барады.
Онда ол ақ бұлттар мен белгісіз қақпаны көреді. Сосын адамның көз алдынан өміріндегі маңызды әрі естен кетпес сәттері өтетін көрінеді.
Аспан асты елінің тұрғындары аталған «жаңашылдыққа» оң баға беріп отыр. Айтуларынша, мұндай технологиялар көпшілікке үлкен ой салып, өмірдің қадірін түсінуге сеп болады екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram