{metadescription}
Ертіс өзеніне екі жастағы сәби мен анасы құлап кеткен

Ертіс өзеніне екі жастағы сәби мен анасы құлап кеткен

Өскемен қаласында Ертіс өзеніне құлап кеткен екі жастағы сәби мен анасы құтқарылды.

Суға кеткендерді құтқарып қалған жігіттердің бірі  Айдын Төртбай оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

-Мен әріптесім Ернар Қадылбеков екеуміз  Ертіс жағалауы көшесі бойындағы жарықтарды жөндеу үшін таңертеңнен келген едік. Түс кезінде жұмысымызды аяқтап, қайтуға жиналып жатқанбыз, — деп есіне алды Айдын. —  Бір кезде жанұшыра жүгіріп келген бір әйел бала мен анасының суға құлап кеткенін айтты. Біз ол кісі көрсеткен жаққа жүгірдік.

Жүгіріп келген жігіттер өзенде ағып бара жатқан бала мен әйелді көреді. Анасы баласын ұстауға талпынғанымен, баланың кішкентай денесі қашықтай береді. Ойланып тұратын уақыт жоқ.

Жігіттердің бірі Ернар Қадылбеков судың суықтығына қарамастан, өзенге секіріп кетеді. Жанталасып жүріп, сәби мен анасын жағаға сүйреп әкеледі. Оған Айдын көмектесіп, сол кезде тағы да басқа азаматтар келіп қалып, бала мен ананы жағаға  аман алып шығады. Ернар Қадылбеков дұрыс әрекет жасап, кішкентай балаға жасанды демалуды жасағаннан кейін, сәби көзін ашады.

Оқиғаның немен бітері белгісіз еді. Бірақ сәтті кездейсоқтықпен сол жерге  2-өрт бөлімінің аға жүргізушісі Виталий Бақтыбаев, ШҚО ТЖД–нің бөлімше бастықтары Алексей Оградов, Ақылбек Мухаев, Ержан Қасымханов және Ерік Тойбаев келе қалды.

Осы азаматтар бірлесе қимылдап, зардап шегушілерді жағада қабылдап алып, алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткеннен кейін дер кезінде жедел жәрдемді шақырып, дәрігерлердің қолына тапсырды.

Батылдық танытып, нағыз азамат екендерін дәлелдеген Ернар Қадылбеков пен Айдын Төртбай «Экспертиза и аналитика» ЖШС-нің электрмонтерлері екен. 

Дереккөз: ALTAYNEWS

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.