Сағадат Раxманқұл кезекті жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сағадат Раxманқұл колумбиялық боксшының мысын басты.
13:30 21.04.2018
Кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін АҚШ елінде өткізеген Сағадат Раxманқұл кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Отандасымыз жеңіліп көрмеген колумбиялық Джон Леонмен (3-0 2 КО) 6 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.
Бірінші орта салмақта сынға түскен Сағадаттың қарсыласы оңай шағылатын жаңғақ емес екенін көрсетіп, отандасымызға әжептеуір тегеуірін көрсетті.
Айта кетейік, Сағадат Раxманқұл кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін америкалық Ноэл Ескудаға (8-5-2, 6 КО) қарсы өткізіп, 5 раундта теxникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Дереккөз: Qsport.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!