Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Сарбаздар туыстарын сағынып, әскерден қашып кеткен
Семей гарнизоны әскери соты жұмыс орнын рұқсатсыз тастап кеткен сарбаздарға қатысты қылмыстық істі қарады.
17:54 23.04.2018
2017 жылы 20 желтоқсанында сағат 18.50-де тәуліктік кезекшілігін тапсырған 2 мерзімді әскери қызметкер рұқсатсыз әскери бөлімді тастап қашып кеткен.
Осы әрекеттері үшін 29 және 19 жастағы сарбаздар үстінен ҚР ҚК-нің 441-бабының 2-тармағы бойынша іс қозғалады.
Әскери міндетке жауапкершілік танытпағандардың бірі Жамбыл, екіншісі Ақмола облысының тумалары.
«Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету бабы бойынша айыпталған К. және В-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Олар жұмыс орындарын рұқсатсыз тастап, кетіп қалған. Әскери бөлім басшылығы оларға іздеу жариялады. Сарбаздар ҚР ҚК 63-бабына сәйкес, шартты түрде сотталды»,-деді Семей гарнизоны әкери сотының бас маманы Гүлдана Жұматаева.
Сот отырысы кезінде олар қашып кету әрекеттерін ата-ана, бауырларын сағынғанымен түсіндірген.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram