{metadescription}
ВИДЕО: Англия аспанынан түскен жұмбақ нысанның видеосы пайда болды

ВИДЕО: Англия аспанынан түскен жұмбақ нысанның видеосы пайда болды

Ұлыбританияның Бриджуотер қаласының жергілікті тұрғыны найзағай кезінде видео түсіріп, белгісіз дененің камераға түсіп қалғанын байқаған. 

Жергілікті тұрғын Меган Тейлор бұл құбылысты жауын-шашын қатты жауған кезде түсіріп алған.

Видео авторының айтуынша, найзағай жарқылынан кейін белгісіз жұмбақ нәрсе аспаннан жерге құлаған. Ерекше құбылысқа таңғалған әйел тіпті шошынып қалғанын да жеткізді.

Аспаннан түсіп бара жатқан нысанның жылдамдығы өте жоғары болған. Желі қолданушылары жерге не түскені жайлы түрлі жорамалдар айтып жатыр.

Біреулер мұны ұшатын беймәлім нысан десе, тағы біреулері оның құс екеніне сенімді. Кейбіреулер тіпті оны монтаж деп айтып отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.