Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ОҚО полицейлері тағы бір қылмыстық топты қолға түсірді
Мақтарал АІІБ ПБ тәртіп сақшылары қарақшылық шабуыл жасаған топты ұстады.
09:48 29.04.2018
Кезекші бөлімге ауылдардың бірінде қарақшылық шабуыл жасалғандығы туралы хабарлама түскен.
Полицейлердің анықтауынша, түнде бетперде киген белгісіз тұлғалар жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, жәбірленушіге және оның отбасына қару қолдану арқылы күш көрсетіп, алтын бұйымдары мен ақшасын қолды қылған.
Полицейлер жедел іздестіру іс-шаралары барысында үш ер азаматты ұстады. Айт кетсек, олардың бірі бұған дейін сотты болған. Қазір аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
ОҚО тәртіп сақшылары тұрғындарға өз мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорғау бойынша шара қолдану қажеттілігін ескертеді. Өз тұрғын үйлерінің терезелеріне темір тор және есіктерге сенімді құлыптар орнатып, мүмкіндігінше «дабыл батырмалы» күзет сигналдарын орнату керектігін айтады.
Дерексөз: patrul.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram