Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Facebook тұңғыш рет онлайн-танысу қызметін іске қосады
Facebook өзінің онлайн-танысу қызметін іске қосатын болды.
16:50 02.05.2018
Бұл жайлы сейсенбі күні Калифорния штатындағы Сан Хосе қаласында өткен F8 әзірлеушілерге арналған конференцияда Марк Цукерберг мәлімдеді.
"Facebook-ті қолданатын 200 миллионов адам өзін жалғыз сезінеді. Қазір біз танысуға арналған қосымшаның аңдатпасын шығарамыз.
Ол бір реттік кездесуге емес, тұрақты кездесуге арналатын болады", - деді Марк.
Цукербергтің айтуынша, қосымша әлеуметтік желіге енгізіледі, оны ниеті барлар қолдана алады.
Сондай-ақ ол Фейсбукте достығыңызда жоқ адамдарды да көрсетіп тұрады.
Яғни, қолданушының достары оның парақшасын көре алмайды.
Жаңа қосымшаның қашан жарық көретінін Марк нақтыламады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram